Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейлік футбол аңызы "Қайрат" клубына бас бапкер болып тағайындалды

newsroom.kz

Ресейлік футбол аңызы Қайрат клубына бас бапкер болып тағайындалды

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Александр Кержаков тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Александр Кержаков Ресей футболының (233 гол), санкт-петерборлық "Зениттің" (161 гол), Ресей құрамасының (30 гол) тарихындағы үздік сұрмергені атанған.

Ойыншы ретінде "Зениттен" бөлек испаниялық "Севилья", швейцариялық "Цюрих" пен Ресейдің "Динамо" (Мәскеу) командаларында ойнаған.

УЕФА, Испания кубогы мен суперкубогының, Швейцария Кубогының иегері.

Александр бапкерлік мансабын 2017 жылы "Зенит" футбол кулбы академиясында бастады.

2018-2020 жылдар аралығында Ресейдің 17, 18, 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырған.

Сондай-ақ ол ресейлік "Томь" және "Нижний Новгород", кипрлік "Кармиотисса" мен сербиялық "Спартак" Суботица футбол клубтарын баптаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 маусым 2024