Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жамбыл облысында 8,5 шақырым жылу желісі жөндеуден өтеді

zhambylnews.kz

Жамбыл облысында 8,5 шақырым жылу желісі жөндеуден өтеді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында жылыту маусымының аяқталуы мен 2025 жылға дайындық жоспары және орындаушылық тәртіптің барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тұңғатов баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы жылыту маусымы 15 сәуірде аяқталып, қалыпты деңгейде өткен. Тұрақтылық сақталып, ірі төтенше жағдайлар орын алған жоқ.Өңірдегі отын-энергетика кешендерін алдағы жылыту маусымына дайындау шараларына 14,7 млрд теңге қарастырылған. Биыл 8,5 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы М-1 жылу магистралінің 4,5 шақырымы қайта жаңғыртылады және 1,8 шақырым жылу желісі күрделі жөндеуден өтеді. 2,7 шақырым жылу желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

– Алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша өңірде ауқымды жобалар іске асады. Әрбір құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары күнделікті тұрақты бақылауда болуы тиіс. Ең бастысы, сапаға көңіл бөлініп, нысандар мерзімінде пайдалануға берілуі керек, — деді облыс әкімі.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ернар Әбілдаев орындаушылық тәртіп бойынша баяндама жасады.Облыс әкімі мемлекеттік органдарға берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуы қатаң бақылауда болуы қажеттігін ескертті.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024