Павлодарлық қария 10 жыл жинаған ақшасын мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлады

Павлодарда тұратын 93 жастағы қария он жыл бойы жинаған ақшасын қайырымдылыққа жұмсады. Қазір қарттар үйінде өмір сүріп жатқан Сағадат Жұмабаев 3,6 миллион теңгені мүгедектігі бар балаларға көмек ретінде аударды.
Ақсақалдың айтуынша, ол бұл қаржыны ұзақ жылдар бойы қажылыққа бару мақсатында жинап келген. Алайда жасы мен денсаулығының сыр беруіне байланысты қасиетті сапарға аттану ойынан бас тартуға мәжбүр болыпты.
«Меккеге барып қайтамын деп жылдар бойы зейнетақымнан үнемдеп ақша жинадым. 2022 жылы шетелге шығу үшін төлқұжат жасатып едім, бірақ сол жылы қажылыққа бару үшін 65 жасқа дейінгі адамдар ғана қабылданды. Туроператорлар мені ала алмады. Кейін денсаулығым нашарлап, жүріп-тұруым қиындады. Жолға жалғыз шығу да оңай емес екенін түсіндім. Сөйтіп, қажылыққа бару жоспарымнан түбегейлі бас тарттым», — дейді Сағадат Жұмабаев.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 10
-
- Шілде, 09
-
-
- Шілде, 08
-
-
-
- Шілде, 06
-
- Шілде, 04
-
- Шілде, 03
-
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
- Маусым, 27
-
Күнделікті жаңалықтар
11 шілде 2025