Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нариман Төреғалиев ветеринариялық қызметке 106 жаңа автокөлік табыстады

kaz.365info.kz

Нариман Төреғалиев ветеринариялық қызметке 106 жаңа автокөлік табыстады

Бүгін Батыс Қазақстан облысында ветеринариялық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды шара өтті. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың қатысуымен ауылдық округтердегі ветеринар мамандарға 106 бірлік қызметтік автокөліктің кілтін табыс ету рәсімі оздырылды. Бұл көліктер заманауи ветеринариялық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған және елді мекендерде ветеринариялық қызметтің жылдам әрі тиімді болуын қамтамасыз етпек.

«Өңірімізде ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын ветеринариялық пункттермен, мал қорымдарымен, автокөліктермен жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылда халықтың өмірін қамтамасыз ететін салалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін облыстық бюджеттен 10 млрд теңгеге төтенше жағдай, орман шаруашылығы, коммуналдық шаруашылығы, ветеринария, білім мен денсаулық салаларына 700-ге жуық арнайы техникалар сатып алынған болатын. Ал биыл облыс бойынша 5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 200-ге жуық арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Соның аясында жуырда «Батысирригация» мекемесіне 18 бірлік, бүгін ветеринариялық станцияларға 106 арнайы техника берілді», – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Бұл бастамалар өңірдегі ветеринариялық және аграрлық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар