Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«AMANAT» партиясы 1200 шақырымдық туристік соқпақты іске қосады

kaz.365info.kz

«AMANAT» партиясы 1200 шақырымдық туристік соқпақты іске қосады

Туризм ұлттық экономика өсіміне тың серпін беретін бағытқа айналуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген саланы дамыту жөніндегі басымдықтарға сәйкес, «AMANAT» партиясы еліміздің негізгі табиғи ландшафттарын қамтитын ұлттық туристік соқпақтар жүйесі «Алатау аманаты» жобасын іске қосты.

Жоба Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Аюсай шатқалында бастау алды. Іс-шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, депутаттар, Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата мүшелері, «Kaz Alpine Club» белсенділері, туристік, экологиялық ұйымдардың өкілдері, «Жастар Рухының» белсенділері қатысты.

«Бүгінде туризм экономикалық өсімге тың серпін беретін бағытқа айналуда. Туризм – бұл жаңа мұнай. Сондықтан Мемлекет басшысы осы секторды дамыту қажет екенін үнемі айтып келеді. Президентіміз жүргізіп жатқан ішкі және сыртқы сындарлы саясаты арқылы елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық, көршілес мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнады. Нәтижесінде – шетелдік туристер халқымыздың қонақжайлығын жақсы біледі және Қазақстанға ерекше ықыласпен келеді. Бүгінгі «Алатау аманаты» жобасы қазақстандық туризмді дамыту бағытында жасалған тағы бір маңызды әрі жүйелі қадам екеніне сенімдімін», – деді Ерлан Қошанов.

«Алатау аманаты» жобасы Шарын шатқалынан бастап, Тамғалы-тас археологиялық кешеніне дейінгі 1200 шақырымнан астам қашықтықты алып жататын ұзын-сонар ұлттық соқпақ салуды көздейді. Бағыт бойында 270 мыңнан астам тұрғыны бар 24 инфрақұрылым нысаны мен 20 елді мекен орналасқан. Туристер этноауылдарға, глэмпингтерге, кемпингтерге, визит-орталықтарға, құтқару стансаларына, сондай-ақ гастрономиялық және этномәдени туризм орындарына бара алады. Болашақта мұнда шытырман оқиғаға толы ішкі және халықаралық туризмге арналған тұтас экожүйе пайда болады. «Алатау аманаты» жобасы туризм саласын дамытуды ғана емес, ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыруды көздейді.

Жоба іске қосылған күні қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында тауда қоқыс жинап, плоггинг – экологиялық іс-шара өткізді.

«Алатау аманаты» жобасын бір жарым жылда жүзеге асыру жоспарлануда. Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясы сарапшылармен бірлесіп, жобаға заңнамалық қолдау көрсетеді. Туристік соқпақтарды құқықтық тұрғыда реттейтін база құрылады, сондай-ақ оларды жобалау мен абаттандырудың бірыңғай ережелері әзірленеді. Болашақта шытырман оқиғаға толы туризмді дамытудың осы тәсілін ел аумағында кеңінен қолдану жоспарлануда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар