Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық полицейлер шетелдік туристерден 1,5 млн теңге бопсалағаны айтылды

kaz.365info.kz

Қазақстандық полицейлер шетелдік туристерден 1,5 млн теңге бопсалағаны айтылды

Ресейлік турист әйел Қазақстанда полицейлерге қатысты екі оқиғаның қалай болғанын баяндады. Оның айтуынша, алдымен полиция олардың досы мінген автокөлікті тоқтатқан.

«Қазақстанда полиция туристердің «қалтасына» қалай түседі? Қазақстанға келмей тұрып, мұнда полицияның ақша бопсалайтыны туралы білдік, абай болу керек деді. Біз сақтандыру жасадық, шамдарды ауыстырдық, бәріне дайын болдық. Бірақ мұндағыдай тікелей ақша талап етілетін жағдайға дайын болмадық. Бүгін бізді полиция тоқтатты, бұған дейін біздің достарымызды тоқтатқан болатын. Олардан арнайы құралға үрлеуді сұрады – кінә тағатындай ештеңе болмады. Бірақ әлдебір сиқырмен, ағзасында алкоголь болмағанына қарамастан, 0,17 промилле шықты, ол үшін бірден жүргізуші куәлігінен айырады. Кейін, әрине, әңгіме ақшаға тірелді – 1,5 млн теңге. Рубльге шаққанда шошисың», – дейді ол.

Кейін олардың өз көлігін де полицейлер тоқтатқан.

«Кейін бізді де полиция тоқтатты. Вованы алып кетті, құжаттарын тартып алды, бәрін бардачокқа салды. Мен келіп, «Міне, сақтандыру, тағы не керек?» деймін. Сол кезде балалар камерамен шықты. Полиция қызметкерлері сескенді ме, ақыры бізді босатып жіберді. Ал Вованы сұрақтың астына алып қойған еді. Мәселе «қазақтар жаман» не «Қазақстан жаман» дегенде емес, ел өте керемет. Бірақ бөтен елде өзіңді қылмыскер сезіну жағымсыз екен», – деп қынжылады әйел.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар