Алматы әуежайын дүрліктірген адам ұзақ жылға сотталуы мүмкін

Күдіктінің адвокаты ер адамды қылмысты жасаған сәтте күйзелісте жүрген деп отыр. Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамға қатысты сот аяқталуға жақын. Бүгін прокурор күдікті Машрапбек Баратовқа 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Мемлекеттік айыптаушы Баратовтың 7 наурыздан бері қамауда болған уақытын жалпы жаза мерзіміне қосуды сұрады. Айыпталушының кінәсін мойындауы жеңілдететін жағдай ретінде есептелді. Ауырлататын жағдайлар жоқ дейді.
«Қорғауымдағы Баратов бәрін ашу үстінде жасады, онысына шын өкінеді, кінәсін мойындайды», – дейді ол.
Машрапбек Баратовқа үш бап бойынша айып тағылған. Кепілге алу, қару қолдана отырып бұзақылық жасау және терроризм туралы жалған хабар беру баптары бойынша жауапқа тартылды.
Еске салайық, наурыз айында ер адам Алматы әуежайында қызметкер қызды кепілге алып, оған пышақ кезеген болатын. Ал Мұса Әбдірайым есімді азамат қызды құтқарып, кепілге өзін ұсынады. Кейін қаскөйді сөзге айналдырып, қолындағы пышағын тартып алған болатын.
- Соңғы
- Танымал
-
- Шілде, 15
-
-
-
- Шілде, 14
-
-
-
-
- Шілде, 11
-
-
-
-
- Шілде, 10
-
-
- Шілде, 09
-
-
- Шілде, 08
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 шілде 2025