Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Республикалық жолдардың сапасы жыл санап нашарлап барады

kaz.365info.kz

Республикалық жолдардың сапасы жыл санап нашарлап барады

Қазақстан жол сапасын ретке келтіре алмай отыр. Жолдарды жақсартуға жыл сайын бюджеттен қыруар ақша бөлінеді. Соған қарамастан республикалық жолдардың 14%-ы апатты күйде. Жол құрылысына бөлінетін қаржы көп. Ал жолдардың сапасы жылдан жылға нашарлап барады. Finprom.kz мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында елімізде автожолдар (жер үстіндегі жолдардан тыс), көшелер, теміржол жолдары мен ұшу-қону жолақтары бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 134,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға аз, 2024 жылы бұл көрсеткіш 139,2 млрд теңге болған еді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша республикада пайдалануға берілген автожолдардың ұзындығы келесідей: республикалық маңызы бар жолдар — 217 км, облыстық маңызы бар — 50 км, аудандық — 24,8 км, шаруашылық ішіндегі жолдар — 38,6 км, ал өзге санаттағы жолдар — 169 км. Сонымен қатар, елде 40 желілік метр көпір мен жер үсті автомагистральдары және 98,1 метрлік жаяу жүргіншілер өткелдері салынған.

Шын мәнінде жағдай көңіл көншітпейді. Жыл сайын билік жоспарлар ын және көрсеткіштерін жариялайды, ал жолдардың сапасы жақсарып жатқан жоқ. Керісінше, жағдай ушығып барады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 2023 жылғы жылдық есебінде көрсетілгендей, республикалық маңызы бар автожолдардың техникалық тұрғыдан қанағаттанарлықсыз күйдегі үлесі 14%-ға жеткен. Бір жыл ішінде 4,9 пайызға өскен. 2022 жылы бұл көрсеткіш 9% болған. Ең күрделі жағдай Ұлытау облысында тіркелді, мұндай жолдардың үлесі 35%-дан асады. Одан кейінгі орында Абай облысы (30,2%) және Шығыс Қазақстан облысы (26,9%).

2023 жылы билік республикалық жолдардың 94%-ын жақсы немесе қанағаттанарлық күйге келтіреміз деген мақсат қойған. Алайда іс жүзінде бұл көрсеткіш небәрі 72%-ды құрады. Яғни, жоспар тек қағаз орындалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар