Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

83 жастағы Амантай қажы 76 жастағы әжені баспалдақтан итеріп жіберген

kaz.365info.kz

83 жастағы Амантай қажы 76 жастағы әжені баспалдақтан итеріп жіберген

Әлеуметтік желіде белгілі қоғам белсендісі, бірнеше рет президенттікке үміткер болған 83 жастағы Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені түсірілген видео тарады. Зардап шеккен әйелдің қызы оқиғаның жай-жапсарына баяндады.

Белгілі болғандай, оқиға 4 шілде күні «Динамо» спорт кешенінің аумағында болған. Онда 76 жастағы Биғайша Бектенбаева медбике болып жұмыс істейді. Оның қызы Раиса Бесқарағаева анасын Амантай қажының баспалдақтан итеріп жібергенін растады. Раиса Бесқарағаеваның айтуынша, сол күні таңертең анасы жұмысқа келген. Ол Амантай қажымен амандасып, «Жұма қабыл болсын» деген.

«Ол күзетшімен сөйлесіп тұрған. Сол кезде Амантай қажы кіріп келіп, амандасқан. Содан кейін бұрылып, анамды бар күшімен итеріп жібереді. Анам баспалдақтан құлап кетіп, орнынан тұра алмай қалды. Ол тіпті жақындап, көмек те көрсетпеген. Күзетші дереу полиция мен жедел жәрдем шақырды», – деді Раиса Бесқарағаева.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қыркүйек 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар