Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Үш күннен бері жарықсыз отырмыз»: Алматыда тұрғындар жолды жауып, электр қуатын қосуды талап етті

kaz.365info.kz

«Үш күннен бері жарықсыз отырмыз»: Алматыда тұрғындар жолды жауып, электр қуатын қосуды талап етті

Алматы қаласында Дарабоз шағынауданының тұрғындары бірнеше күннен бері жарықсыз отыр. Бұл жағдай, әсіресе, күннің ыстығында үлкен қиындық тудырды. Тұрғындардың айтуынша, жарықтың жиі сөнуіне үйді салған құрылыс компаниясының жарықпен қамтитын мекеме алдындағы 60 миллион теңге берешегі себеп. Ал құрылыс компаниясының өкілдері бұл жағдайды «техникалық ақау салдары» деп қысқа қайырды.

«Біз міне, үшінші күн жапа шегіп отырмыз. Екі күн үндемедік. Бүгін шықтық. Бізде, мысалы, газ жоқ. Тамақты қалай істейміз? Мүгедек балалар, ата-аналар бар. Химиотерапия алып жатқан кісілер бар. Олардың өмірі сол бір ғана жарыққа байланып отыр ғой! Ертең олар қайтыс болып кетсе, кім жауап береді?» – деді тұрғын Іңкәр Жылқышиева.

«Алатау жарық» компаниясы өкілдерінің мәліметінше, жарықтың өшуіне құрылыс компаниясының жеті айдан бері жиналып қалған берешегі себеп. Бүгінде қарыз сомасы 60 миллион теңгеге жуық. Электр қуатын жеткізуші мекеме тұрғындардың емес, құрылыс компаниясының өзімен келісімшарт жасасқанын алға тартады. Сондықтан жарықты шектеу заң аясындағы амал, дейді олар.

«Бүгінде Exclusive Construction компаниясының 59 миллион теңге көлемінде өтелмеген қарызы жиналған. Оны өтеу бойынша ешқандай нақты шара қабылданбай отыр. Бұл іс қазір сотта қаралып жатыр. Алайда құрылыс компаниясы қарызды төлемеу үшін процесті әдейі созып, байланысқа шықпай, барынша қашқақтап отыр. Ал бұл жағдайдан қарапайым тұрғындар зардап шегіп отыр», – деді «АЖК Энергосбыт» АҚ өкілі Алена Китова.

Жауапты құрылыс компаниясы жарық мәселесін шешудің орнына, бұл жағдайды «екі ортадағы техникалық ақаудың салдары» деп түсіндіріп, қысқа жауап қайырды. Қарыздың қайдан және қалай жинағаны да белгісіз.

«Техникалық потерядан жиналған ақша, ешкім төлеп жатқан жоқ. Тарататын пункт пен біздің екі ортадағы желі торапы керексіз жағдайда тұр. Сол жердегі жиналған техникалық потерядан ешкім төлеп жатқан жоқ. Біз өз жағымыздан есеп құралдарымызбен өз есебімізден төлеп отырмыз», – деді Exclusive Contruction ЖШС өкілі Еркебұлан Әбдіманапов.

Алатау ауданы әкімдігі де сұхбат беруден бас тартқан. Айғай-шудың арқасында жарықты қостырған жұрт алдағы 40 градус аптап ыстықта тағы жарықсыз қалмайық деп тілейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар