Атыраудағы бассейнде балалар жаппай уланып, мекеме басшысы қамалды

Жақында балалар жаппай уланған жекеменшік бассейннің басшысы ұсталды. Енді ол Атырау қаласының тергеу сотының қаулысымен бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақта отырады.
Оқиға қала тұрғындары жиі баратын акваорталықта болған. Куәгерлердің айтуынша, бассейн ішіндегі хлор иісі күрт күшейіп, су лайланып кеткен, ал балалар жөтеліп, есінен тана бастаған. Ата-аналар балаларды қолдарына көтеріп сыртқа алып шыққан, оқиға орнына дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметі келген.
Бассейн иелері суды тазарту жүйесінде ақау болғанын мойындады. Оқиғадан кейін нысан жабылып, ТЖД мен прокуратура тексеріс бастаған. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу жүріп жатқан уақытта бассейн басшысы үйқамақта болады. Оның неге тергеу изоляторына қамалмағаны белгісіз.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 18
-
-
-
-
-
- Шілде, 17
-
-
-
- Шілде, 16
-
-
- Шілде, 15
-
-
-
- Шілде, 14
-
-
-
-
- Шілде, 11
-
Күнделікті жаңалықтар
23 шілде 2025