Жамбыл облысында досына несие әперген адам қарызға батты

Жамбыл облысында танысының өтінішіне келісіп, банк несиесін өз атына рәсімдеген азамат пайыздарыменбірге 3 млн теңгеден астам қарызға батты. Жамбыл облыстық сотының мәліметіне сүйенсек, бұл азаматтық іс Шу аудандық сотында қаралған.
Сот материалдарына сәйкес, бір азамат өзінің танысын 1,9 млн теңге көлемінде банк несиесін рәсімдеуге көндірген. Ол қарызды өзі төлейтінін айтып, уәде еткен, алайда кейін айтқанынан тайқып шыққан. Соның салдарынан қарыз өсіп, 3 млн теңгеге дейін жеткен.
Сот процесі барысында тараптар медиация тәртібімен мәмілеге келген. Келісім бойынша, жауапкер ай сайын 200 мың теңгеден қарызын өтеуге міндеттелді. Сот бұл келісімді бекітіп, талапкерге мемлекеттік баж салығы қайтарылды. Шешім заңды күшіне енді.
- Соңғы
- Тамыз, 07
-
-
- Тамыз, 06
-
-
- Тамыз, 02
-
- Шілде, 31
-
-
-
-
- Шілде, 30
-
-
-
-
-
- Шілде, 29
-
- Шілде, 28
-
-
- Шілде, 25
-
Күнделікті жаңалықтар
9 тамыз 2025