Дженнифер Лопестің концертіне 200 мың теңгеге билет алғандар алаяқтардың құрбаны болды
Желіде концертке билет алып, бірақ орталық стадионға кіре алмаған қазақстандықтардың жазбалары пайда болды. Барлығының шағымы бір: қолында билет болса да, есіктегі тексерушілер бұл билеттердің қолданылғанын, оған дейін дәл сол билетпен басқа келуші кіріп кеткенін айтқан.
«Алыпсатарлардан JLO-ның концертіне 2 билет сатып алдық. Сағат 16:00 келіп алып, кіргізу басталғанын күтіп тұрдық. Бірақ кірерде біздің билеттердің қолданылғанын, басқа келушілердің кіріп кеткенін білдік. Жанымда 200 мың теңгеге билет алып, кіре алмаған тағы 3 әйел тұрды. Олардың билеттері де қолданылған болып шықты», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Билетті сатқан алыпсатарлар «бірінші есікке барыңыз, тыныш өтіңіздер», «бірінші күзетші қаталдау» деген секілді сылтаулар айтқан. Алайда келушілер бәрібір концертке кіре алмапты.
- Соңғы
- Танымал
- Қараша, 12
-
- Қараша, 11
-
- Қараша, 10
-
- Қараша, 07
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 29
-
- Қазан, 22
-
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 16
-
- Қазан, 15
-
- Қазан, 14
-
-
- Қазан, 13
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 қараша 2025