Ақмола облысында зейнеткер 1 млн теңгесінен қалай айырылып қалды

Ақмола облысында 71 жастағы зейнеткер телефон арқылы 1 млн теңгесін алаяқтарға аударып жіберді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
14 маусым күні белгісіз ер адам қоңырау шалып, әйелдің банк шотынан «рұқсатсыз ақша шешілуде» деп сендірген. Қорыққан зейнеткер қоңырау шалушының барлық нұсқауын орындап, қаражатын көрсетілген есепшотқа жіберген.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 19 жастағы Қостанай тұрғынын анықтады. Оның іске қатысы тексерілуде. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
- Соңғы
- Танымал
- Тамыз, 20
-
-
- Тамыз, 12
-
- Тамыз, 11
-
- Тамыз, 07
-
-
- Тамыз, 06
-
-
-
- Тамыз, 02
-
- Шілде, 31
-
-
-
-
- Шілде, 30
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 тамыз 2025