Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азық-түлік тауарлары бір жыл ішінде 17,9%-ға қымбаттаған

kz.kursiv.media

Азық-түлік тауарлары бір жыл ішінде  17,9%-ға қымбаттаған

Сәуір айында Қазақстандағы инфляция деңгейі жылдық есепте 13,2%-ды, бір айда 2%-ды құрады. Жыл басынан бері инфляция 7,3% болды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары 17,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,1%-ға және ақылы қызметтер 8,9%-ға қымбаттады. Былтырғы сәуірмен салыстырғанда құмшекер, жаңа піскен көкөністер, картоп пен құс етінің бағасы айтарлықтай өскен. Тек жұмыртқы ғана сәл-пәл арзандаған – 4,1%. Ең қатты қымбаттаған тауарлар: Бюроның баға статистикасы департаменті директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, жыл басынан бері индекс құрылымындағы азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды. «Ай сайын бюро тауарлар мен қызметтердің толық жиынтығы бойынша бағалардың өзгерісін тіркейді. Онда азық-түлік, тұрмыстық және шаруашылық тауарлар, ересектер мен балалар киімдері, денсаулық сақтау, көлік қызметтері және т.б. қызмет пен тауарлар бағасы ескеріледі, барлығы – 508 позиция» дейді Қуанышбек Жақыпбекұлы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024