Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алты жүз мыңға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

almaty-akshamy.kz

Алты жүз мыңға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

Табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларына әлеуметтік топтама беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 1 мамырдағы мәлімет бойынша 111,4 мың отбасындағы 571,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға беріледі. Сондай-ақ, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру аясында барлық өңірде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балалары кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі. 1 мамырдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 144,6 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды, деді еңбек министрлігі. Еске салсақ, биыл қаңтар айында төтенше жағдай режиміне байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтарға төлемдер 2022 жылғы 1 тоқсанға автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте атаулы көмекке енді іліккендер Электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024