Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азық-түліктің қымбатшылығы мен импортқа тәуелділік: Аграрлық саясаттан қандай қателік кетті?

paryz.kz

Азық-түліктің қымбатшылығы мен импортқа тәуелділік: Аграрлық саясаттан қандай қателік кетті?

МЕМЛЕКЕТ ЛОГИСТИКА МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУІ КЕРЕК ЕДІ Қазақстан президенттігіне экс-кандидат, Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеутай Рахымбековке хабарласып көргенбіз. Сарапшының айтуынша, агросаясат жалпы қатып қалған ережемен біржақты жүрмеуі керек. Ол жағдайға байланысты өзгеріп тұруы тиіс. Төлеутай Рахымбеков қазір жүргізіліп жатқан агросаясаттың негізі тоқсаныншы жылдардың аяғы екі мыңыншы жылдардың басында қалыптасқанын айтады. Сол бетімен айтарлықтай өзгеріссіз келе жатыр. Ал қазіргі бүкіл жағдайды, дүние жүзінде қалыптасқан ахуалды, Ресейде болып жатқан өзгерістерді есепке алып, агросаясатты жүргізу керек. «Біздің ауыл шаруашылығындағы ең басты өніміміз – дәнді-дақылдар. Дәнді-дақылдардың бағасын халықаралық сұраныс емес, біздің жыл да өзгеріп тұратын, өндірілетін өнімнің көлемі емес, Ресейдегі жағдай қалыптастырады. 2000 жылдардың басында да, бертін де солай. Ресейде өнім жақсы шықса, олар жолды жаба бастайды. Біздің шет елдерге өнім шығаратын жолдарымыз көбінесе Ресейге байланған. Логистикалық тәуелділік деп айтуға болады бір сөзбен», - дейді сарапшы. Төлеутай Рахымбеков кез келген іспен айналысқан кәсіпкер табыс әкелуді көздейтінін айтады. Ол кәсіпкерлік жұмыс. Ал кәсіпкерліктің ең бірінші мақсаты – табыс табу. Табыс табу үшін өндірілген тауарды нарыққа шығарып сату керек. Сарапшы өндіретін өнімді, дәнді-дақылдарды мысалға келтіріп отыр. Төлеутай Рахымбеков «Ол біздің басты өніміміз. Біздің ішкі нарықтағы қажеттіліктен екі есе көп өндіріледі. Яғни біздің ішкі нарыққа 8 млн тонна астық керек болса, біз 16 млн тоннадан артық астық өндіреміз. Сондықтан, біз оны шетелге шығаруымыз керек. Шетелге шығару үшін сонау Қара теңіздегі Новороссийск портына жүгіну керек. Ал оған жеткізу үшін Ресей арқылы теміржол қажет. Егер Ресейде өнім жақсы шықса, олар өз жолдарын жаба бастайды. Сол кезде біздің бидай, астық Қазақстанның ішінде кептеліп қалады. Сол себепті біздің соңғы кездегі басты нарығымыз – мына оңтүстік жақ: Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан. Шамалы Әзербайжан. Бірақ олардың барлығы ұнды қосқанда экспорт әлеуетінің 4-5 тоннасын қамтиды. Ал біз 8 млн тоннадай сыртқа сатуымыз керек. Пәкістан кейбір жылы ұн және бидаймен кейбір кезде өз-өзін толық қамтиды. Бірақ құрғақшылық болған кейбір жылдары олар Қазақстанның бидайын алуға мәжбүр болады. Осы логистикалық қиындықтарды мемлекет реттеуі керек еді», - дейді сарапшы. СУБСИДИЯ ЖҮЙЕСІН ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТУ КЕРЕК! Төлеутай Рахымбеков астықты басқа елдерге сатқан кезде ұн күйінде сатылуы керектігін мәлім етті. Ұнды сату пайдалы. Көбірек сатылса Қазақстанда жұмыс орындары пайда болады. Салық төленеді. Бидайды ұнға айналдырғаннан кейін шыққан кебек мал шаруашылығының пайдасына жарайды. «Өкінішке қарай бүкіл жағдайды өз ағымына жібердік те, біздегі ұн комбинаттарының біразы Өзбекстан мен Тәжікстанға көшіп кетті. Сөйтіп олар бізден дәнді-дақылдарды шикізат ретінде шығара бастады. Осыдан 10-15 жыл бұрын Тәжікстан өзіне қажетті ұнның 95 пайызын Қазақстаннан алатын. Ал қазір Тәжікстан 95 пайыз ұнды өздері өндіреді. Бірақ біздің бидайдан! Міне, аграрлық саясаттың қателігінің бір себебі осында. Кезінде бір министр, атын айтпай-ақ қояйын, етті сатам деп етке көңіл бөліп, мына ұн өндіретін зауыттарға қолдау көрсетілмей қалды. Ол министрге ұн өндіретін кәсіпкерлер бізге де көмектесіңіз деген кезде ол «ауыл шаруашылығы министрлігі емес, екіншіден, сендер бизнесменсіңдер, өздерің сатыңдар» деп қоя берген. Көмектеспей!» - деп бұрынғы басшыларды еске алады ол. Төлеутай Рахымбаевтан кез келген министрдің орынтаққа келгенде өз саясатын жүргізуі аграрлық саланы шатқаяқтатып тұрған жоқ деп сұрағанбыз. Сарапшы бұл ойдың сөзсіз негізі бар екенін айтады. Сарапшы сонымен қатар көрші мемлекеттің аграрлық саясаты туралы сөз қозғады. Айтуынша, Ресей санкциялар салқынында 2022 жылы ғана ұшыраған жоқ. 2014 жылы-ақ алғашқы санкциялар енгізілген. Сол 2014 жылы алғашқы санкциялар енгізілген. Сол кезден бастап ондағы ел билігі аграрлық саясатын түбегейлі түрде өзгерткен. Атап айтқанда, өз өнімдерін қолдау шеңберінде жылына оған дейін 80-90 млн тонна астық өндіріп келген Ресей бүгінгі таңда жылына 130 млн тонна астық өндіру мүмкіндігіне қол жеткізген. Яғни өндірісті бір жарым есе өсірген. Төлеутай Рахымбаевтың айтуына қарағанда, Ресейде әр гектардан 20 центнер бидай шығады (бұрынғы көрсеткішінен 1,5 есе көп). Ал Қазақстанда бидай шығымы тың игерген 1953 жылғы көрсеткіш бойынша қалып қойған (гектарына 12-13 центнер). Әр гектардың өнімділігі еңбек өнімділігіне әсер ететіндіктен, өнімнің өзіндік құнына да әсер етеді. Қазір Қазақстанның астығы 180 мың теңге болса, Ресейдің астығы сыртта 130 мың теңгеден сатылады. Яғни бәсекелестік қабілет бұл тұрғыда Ресейде жоғары. «Біз осыдан 5-6 жыл бұрын бұл мәселені айтқанбыз. Қазір де айтып келе жатырмыз. Ең алдымен, аграрлық саясатты өзгерту керек. Екіншіден, мемлекеттік қолдау, оның ішінде басты мәселе субсидияны түбегейлі өзгерту керек. Бізде 50-жуық түрлі субсидия бар. Біз техникаға, тыңайтқыштарға, пестицидке, веиеринарлық препараттарға, бұқа немесе қой алса субсидия жасаймыз. Бірақ осылардың бәріне субсидия беру 2000 жылдардың басында дұрыс болған шығар. Ол тұста жалпы Қазақстанда субсидия көлемі бар-жоғы 3,5 млрд теңге болатын. Қазір ол көрсеткіш 100 есе өсті. 350 млрд теңгеге барды! Бірақ бір қызығы, тыңайтқышқа субсидия берсе, тыңайтқыштың бағасы өседі. Техникаға 25 пайыздық субсидия бере бастасаң, техника 25 пайызға қымбаттайды. Оны айтып отырғаным, мемлекет фермерге субсидия беріп отырмын дейді де, бірақ фермердің ақша қалтасына түскенімен, тесік шалбарының балағынан түсіп кетеді де, ол субсидияны тыңайтқыш өндіретін, техника әкеп сататын, пестицид өндіретіндер алады. Сол субсидиялар айналып келгенде ауыл шаруашылығының өнімділігіне еш әсер етпейді», - дейді ол. ШАРУАЛАРДЫ САЛЫҚТАН БОСАТУ КЕРЕК! Төлеутай Рахымаевтың айтуынша, мемлекеттен қаншама субсидия бөлініп жатса да, оның тиімділігін ешкім бақылап отырған жоқ. Мәселен, субсидия бұқаға берілсе, сол бұқалардың саны өсті ме, жоқ па – қадағаланбайды. Сол секілді тыңайтқыштарға бөлінген субсидияның арқасында шығым қаншалықты тиімді болғанын да ешкім тексермейді. Сарапшы сол себепті жылда субсидияға бөлінетін 350 млрд теңгенің тиімді жұмсалмай жатқанын айтады. «Менің айтып жүргенім – біз субсидияны өнімге беруіміз керек. Картоп өндірдің бе, оның келісі 100 теңге болса, соған 40 теңге субсидияңды ал! Ет немесе сүт өндірдің бе – етке және сүтке ал. Демек, шаруа өз жұмысының нәтижесі үшін ақша алады. Содан кейін әр фермер, әр шаруа субсидияны көбірек алуы үшін ол көбірек өнім өндіруге тырысады. Дұрыс па!?» - дейді ол. Егер өнімді (импорттық үлесі көп – құс еті, көкөніс, жеміс-жидек) ішкі нарыққа шығарса, онда соған субсидия беру керек. Екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерін фермер қайта өңдеуге өткізсе, соған беру керек. Үшіншіден, өнімді экспортқа шығарса берілуі тиіс. Өнім үшін! Мемлекеттік қолдау жүйесін күрделі түрде өзгерту керек. Сарапшы осылай дейді. Төлеутай Рахымбеков үшінші мәселе – бұл қосылған құнға салықты толығымен азық-түлік нарығынан алып тастау керек (НДС – ҚҚС) деп есептейді. Неліктен Ресейдің өнімі Маңғыстаудан Өскеменге дейін толып тұр? Соның бір себебі – 1990 жылдардан бастап Ресей азық-түлік нарығындағы қайта өңдейтін кәсіпорындарға салынатын қосымша құн салығын алып тастаған. 2003 жылы мұндай жеңілдік Қазақстан шаруаларына да енгізілгенімен, одан кейін салық комитеті оны қайтадан кіргізген. Сарапшының есептеуінше, 12 пайыздық ҚҚС айналым қаражатты кәсіпорындардан тартып алады. Ол айналым ақшаны тартып алғаннан кейін кәсіпорындар құрылғылар мен жабдықтарын жаңартай алмайды. Онда шикізатты сатып алуға қайдан ақша болады дейді ол. «Ресей екеуміздің жағдайымыз бір дейтін, соның арқасында бүкіл зауыттарын жаңғыртып алды толығымен. Содан кейін оның өнімінің бағасы арзан болады. Мен тоқсаныншы жылдары сүт зауытында еңбек еттім. Біз шаруалардан сүтті литрін 15 теңгеден сатып алатынбыз. Орыстар да сөйтіп 15 теңгеден алатын. Бірақ 10 теңгесін субсидия ретінде қайтарып беретін. 5 теңгесін федералды бюджет, 5 теңгесін облыстың бюджеті қайтаратын. Сонда қайта өңдеу кәсіпорнына сүт 5 теңгеден түсетін. Мен 15 теңгеден сатып алам. Кімнің өнімінің бәсекелестік қабілеті жоғары болады? Әрине, орыстың бизнесі. Ауыл шаруашылығы саласын қалған салықтың бәрінен босату керек деп есептеймін. Ол бюджетке қатты шығын әкелмейді. Бүкіл ауыл шаруашылығының Қазақстан бюджетіне төлейтін салығы – 55-60 млрд теңге ғана. Қытайлар секілді, «ауыл шаруашылығымен айналыстың ба, салық төлемей-ақ қой, рахмет» деу керек. Қытайда солай! Ауыл шаруашылығымен айналысқан адам біріншіден өзі күн көріп, оған қоса халыққа тамақ, азаматтарға жұмыс тауып беріп отыр. Салық салмай соған рахмет айту керек қой!» - дейді сарапшы. Төлеутай Рахымбеков сонымен қатар, инфрақұрылым мәселені де назар аударылуы керектігін мәлім етті. Кооперация аясында инфрақұрылым керек. «Фермер ауыл шаруашылығы өнімін өндірді делік. Ол қайда жібереді өнімін? Оның басы ауырмауы тиіс. Ол даладан шықпауы керек. Өндірді – даланың шетіне қойып, оны біреу келіп әкетуі тиіс. Ол кісі сақтап, қайта өңдеу, сатуы керек. Екінші, тура сол инфрақұрылым кооперацияның арқасында фермерге тиісті тауарларын, жанар-жағармайын, тыңайтқышын, техникасын алып беруі тиіс. Үшіншіден, қызмет көрсетуі керек. Ветеринарлық қызмет, инженерлік қызмет, мал азығын дайындау, механизация... Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тек өнімді өндірумен айналысқаны абзал. Ал төртіншіден, ақпарат пен білім тарату. Осының барлығына инфрақұрылым жасалуы тиіс. Совет үкіметі кезінде осының барлығы болған. Қазір жоқ», - деп сөзі түйіндейді Төлеутай Рахымбеков. «АЗЫҚ-ТҮЛІК ТӘУЕЛСІЗДІГІН» ЕНГІЗСЕ... Азық-түліктің қымбатшылығы турасында бұған дейін сенатор Ақылбек Күрішбаев та мәселе көтерген. Оның айтуынша, қазір Қазақстанның мемлекеттік органдары өрт сөндіру әдісімен жұмыс істейді. Олардың іс қимылы алдын алу сипатындағы шараларды қолдануға емес, аяқ асты туындаған жағдайға жауап қайтаруға ғана бағытталған. Ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттауға тыйым салу және экспорттық квоталарды енгізу оңай, бірақ ондай ш
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024