Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады

inform.kz

Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады

«Энергетика министрлігі транзиттік көлік үшін және шекара периметрі бойынша дизельдік отынға сараланған баға белгілейтін бұйрық жобасын әзірледі. Бағалар тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай сараланады. Бұйрық жобасы бойынша біздің азаматтарымыз үшін жүргізуші куәлігі болған жағдайда лимит – 100 литр дизель отыны үшін қазіргі бағамен 230-260 теңге. Сондай-ақ, жүк көлігі үшін егер жүргізуші куәлігі және көліктің Қазақстан аумағында тіркелгенін растайтын тіркеу куәлігі мен құжаттар бар болса, қазіргі лимит – 300 литр болады», - деді министр Үкімет отырысында. Сондай-ақ, ол қалған адамдарға дизель бағасы қымбат болатынын жеткізді. «Қалған адамдар тобына және көрсетілген көлемдерден артық дизель үшін 1 литр отын бағасы 450 теңгеден сатылады. Бұйрық жобасы 18 тамызға дейін «Ашық НҚА» сайтына онлайн талқылау үшін орналастырылды», - деді ведомство басшысы. Премьер-Министр Әлихан Смайылов аталған бұйрық жобасын тезірек пысықтап, 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізуді тапсырды. Фото:primeminister.kz
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024