Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бір жылда ұн бағасы 37% қымбаттаған

ktk.kz

Бір жылда ұн бағасы 37% қымбаттаған

«2022 жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде 1,6 млн тонна бидай ұны өндірілген. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 1,5% көп. Өңірлер арасында Қостанай облысы 552,4 мың тонна көрсеткішпен алда тұр. Алғашқы үштікке Солтүістік Қазақстан облысы мен (164,5 мың тонна) мен Шымкент қаласы (141,5 мың тонна) кіріп отыр», - деп жазылған сараптамада. Қаңтар-мамыр аралығында ұн экспортының ақшалай көлемі бір жыл ішінде 86,8% артып, 292,6 млн доллар болған. «ТМД елдеріне 212,7 мың тонна ұн жіберілді. Бұл – былтырғыдан 15,1% көп. Соның ішінде Өзбекстанға 158 мың тонна ұн жөнелтілген. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,6% артық», - деп жазады Energyprom.kz. Ал, ТМД-дан тыс елдердің ішінде Ауғанстанға ең көп ұн экспортталған. 552 мың тоннаның 551,5 мың тоннасы осы елдің үлесінде. Бұл – былтырғыдан 47,1% артық. «Биылғы шілде айында ұн бағасы былтырғыға қарағанда 36,6% өсті. Бірінші сұрыпты ұн келісіне 225 теңгеден сатылды. Ал, жоғары сұрып ұнының бір келісі – 343 теңге. Ірі қалалардың ішінде ең қымбат ұн бағасы Нұр-Сұлтанда (424 теңге), ең арзан баға Павлодарда (222 теңге) тіркелді», - деп жазылған сараптамада. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024