Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Неліктен әлем транс майларға тыйым салғанда, Қазақстанда олардың азық-түлік өнімдеріндегі мөлшерінің көбеюін талқылауда

kaz.365info.kz

Неліктен әлем транс майларға тыйым салғанда, Қазақстанда олардың азық-түлік өнімдеріндегі мөлшерінің көбеюін талқылауда

Соңғы уақытта БАҚ-та Қазақстан және ЕАЭО елдерінде маргарин мен спред-майлардың құрамындағы сутектендірілген майлардың мөлшері бойынша қолданылып жүрген техрегламентті жеңілдету және олардың өнімдердегі үлесін қазіргі 2-ден 20%-ға дейін көтеруге рұқсат беру туралы ұсыныс талқылануда. Қазақстандық сарапшылар, атап айтқанда, Қазақ тағамтану академиясының өкілдері бұл идеяға үзілді-кесілді қарсы шықты. Бүгін біз транс майлардың қаншалықты қауіпті екенін және елімізде олардан толығымен бас тарту себептерін түсіндіретін халықаралық ұйымдар мен мамандардың мәліметтерін ұсынамыз. Барлық дамыған елдер адам денсаулығына аса зиянды болғандықтан транс майларға (өсімдік майларынан өнеркәсіптік өңдеу (сутектендіру) арқылы алынатын қатты майларға) мүлдем тыйым салуға бірауыздан көшуде. Көптеген мемлекеттер транс майлардың 2%-дан аспатын рұқсат етілген пайызың күрт түсіргеннен кейін, дәрігерлер жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын патологиялар мен өлім-жітімнің жағдайларының айтарлықтай азайғанын байқады. Транс майларға толық тыйым салу тәжірибесі, яғни 0%, АҚШ-тың кейбір штаттарында кардиологтардың деректері негізінде енгізілді. Мәселен, Нью-Йорк штатында транс майларға 2007 жылы тыйым салынған. Кейіннен дәл осы штатта беделді Cardiology журналы қаныққан май қышқылдары бар тағамдарды рационнан алып тастаудың нәтижесінде жүрек-қан тамырлары ауруларының 20%-дан астам төмендегенін тіркеді. Осы статистикаға сүйене отырып, FDA (АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы) әрі қарай бүкіл АҚШ аймағында транс майлардың мөлшерін 2%-дан аспау шектеуін енгізді. Кейінірек тамақ өнімдеріндегі трансизомерлерді күрт төмендету бойынша ұқсас стратегияны Дания, Австрия, Венгрия, Исландия, Канада, Норвегия, Швейцария, Таиланд, Сингапур қабылдады. 2019 жылы Еуропалық комиссия ЕО-ның барлық елдерінде трансизомерлердің рұқсат етілген мөлшерін максимум екі пайызға шектей отырып (100 г майға 2 г), оларды өнеркәсіптік өндіріс пен тамақ өнімдерінде пайдалануды қысқарту туралы жаңа регламент қабылдады. Осындай шек 2024 жылға дейін ЕАЭО елдерінің техрегламенттерінде де белгіленді – кез келген тамақ өнімдеріндегі транс майлардың мөлшері 2%-дан аспайды. 2024 жылдан кейін ол одан әрі төмендеуі мүмкін деп болжануда. АҚШ-тың Гарвард университетінің диетология ғылымдарының профессоры, алғашқы болып зерттеулеріңде транс майларға қатысты туындайтын мәселелерді көрсеткен ғалым Уолтер Уиллетт трансизомерлерді тұтынуды барынша азайту және ең дұрысы оларды рационнан толығымен алып тастау жүрек ауруынан ерте жастағы өлім-жітім деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретінін атап көрсетеді. Сонымен қатар қант диабеті, деменция ауруларының және басқа метаболизмдік патологиялардың жиілігі азаяды. «Өткен жылдың мамырында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық елдерді жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіпін алдын алу мақсатында, транс майларды тағамнан алып тастауға шақырды. Табыс деңгейі жоғары бірнеше елдер өнеркәсіптік өндірістің транс майларын тұтынуды әлдеқашан алып тастаған. Дұрыс тамақтанудың артықшылықтары бүкіл әлемде бірдей сезілу үшін дәл осындай әрекеттерді табысы төмен және орташа елдерде заңнамалық деңгейде бекіту қажет», – дейді профессор Уолтер Уиллетт. Бірнеше жылдар бойы бірқатар беделді ғылыми зерттеулер, соның ішінде Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің (EFSA) зерттеуі транс майлардың денсаулыққа үлкен қауіп төндіретінің анықтай отырып, оларды азық-түлік арқылы тұтынуды барынша азайту керек деген нақты тұжырымдар жасады. Осы майлар атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуы, инфаркт пен инсультке әкелетін тамырлардың бітелу жағдайына себепші болады. «Бақыланбалы араласумен жүргізілетін зерттеу деректері құрамында транс майлары (қаныққан май қышқылдары) бар тағамдарды тұтыну қан липидтеріне теріс әсер ететінін, құрамында моноқанықпаған немесе полиқанықпаған май қышқылдары бар тағамдарды тұтынумен салыстырғанда жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) қаупінің күрт өсуін және транс майдың теріс әсері дозаға тікелей байланысты екенін көрсетеді. Топтық зерттеулер транс майларды көп тұтыну мен ЖИА қаупінің жоғарылауы арасындағы тұрақты байланысты көрсетті – бұл тағаммен бірге басқа май қышқылдарын тұтынумен салыстырғанда жүрек ишемиясының қаупін арттыратын дозаға тәуелді жанама әсер. Соңғы ұлттық және халықаралық ұсынымдарда транс майларды азық–түлік арқылы қабылдау мүмкіндігінше азырақ болуы керек деп көрсетілген», – деп EFSA зерттеуінде белгіленді. Жоғарыда аталған АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) қазір транс майларды тамақ өнімдерінде қолдануға толық тыйым салу қажеттілігі туралы айтады. FDA жариялаған бірқатар медициналық университеттердің зерттеулерінде тағамдық майлардың негізгі көзі болып табылатын сутектендірілген майлар қандағы «нашар» холестерин деңгейін күрт жоғарылатып, инфаркт пен инсульттің артуына әкелетіні көрсетілген. FDA мәліметтері бойынша, АҚШ-та транс майларды пайдалануды азайту жыл сайын кем дегенде 20 000 жүрек ұстамасы мен жүрек ауруынан болатын 7 000 өлімнен алдын алады. «Америка Құрама Штаттарында зиянды жасанды транс майларды тұтыну соңғы екі онжылдықта азайғанымен, ағымдағы тұтыну қоғамдық денсаулық сақтау үшін әлі де күрделі мәселе болып қалып отыр» — деді FDA комиссары Маргарет Гамбург. – «Техникалық тұрғыдан бұл шешілмейтін мәселе емес екенін білеміз». ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейусус ДДҰ 2023 жылға қарай транс майларды тұтынудан бас тартуды мақсат етіп қойғандарын атап өтті. Мақсатқа жетуге пандемия кедергі келтіргенің ескерсек, қазір жер бетінде тұратын тоғыз миллиард адамның тек 3,2 ғана осы қауіптен қорғалған. ДДҰ сарапшылары транс майлары жоқ өнімдерді өндіру адамдардың өмірін сақтап қана қоймай, мемлекеттік бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге және денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің төмендеуіне әкеледі. Жалпы, тағам өнімдеріндегі қаныққан және транс май қышқылдарының деңгейін төмендету ДДҰ-ның рацион мен тамақтану режимі саласындағы Жаһандық стратегияның бөлігі болып табылады. «Өндірушілер мен тұтынушылар тарапынан келісілген күш-жігер қажет. Транс майларды толығымен алмастыруға болады. Азық-түлік өнімдерінің рецептурасын өзгерткен кезде құрамында транс майлары мүмкіндігінше аз болатын пайдалырақ майларды қарастыру қажет» – дейді Гонконг мемлекеттік Азық-түлік қауіпсіздігі орталығының ғылыми қызметкері доктор Виолетта Лин. «Сутектендірілген майлар, яғни транс майлар, өнеркәсіптен шыққан трансизомерлер – азық-түлік кәсіпорындарына танымал кондитерлік өнімдер мен май өнімдерінің құнын бірнеше есе төмендетуге мүмкіндік беретін коммерциялық тұрғыдан өте тиімді компонент. Өте арзан, бұзылмай, ұзақ сақталумен, аспаздықта пайдалануға ыңғайлы болуымен ерекшеленеді. Өндірушілердің транс майлардың көлемін ұлғайтуға деген қызығушылықтары түсінікті, себебі аталған фактілер оларға көбірек ақша табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, транс майлардың денсаулыққа өте қауіпті екендігі баршаға мәлім, бұл әлемдік медицинада бұрыннан дәлелденген. Ал бізде Қазақстанда жүрек патологиясы бойынша көрсеткіштер онсыз да жақсы емес: жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім дамыған елдермен салыстырғанда екі еседен астам жоғары. Қант диабеті өсіп, «жасарып келеді», артық дене салмағының жағдайлары жиі тіркелуде. Мұның бәрі транс майлары бар тағамдарды тұтынумен тікелей байланысты. Мемлекет ең алдымен ұлт денсаулығына, жекелеген салалардың коммерциялық мүдделерін емес, халықты зиянды тағамдардан қорғауы тиіс. Сондықтан бұл мәселеде ешбір жағдайда біреудің өнеркәсіптік және сауда лоббиіне берілуге болмайды», – деп есептейді Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті, көрнекті қазақстандық ғалым-нутрициолог, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР екі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Синявский. Осының аясында жекелеген компания өкілдерінің Қазақстанда өлімге әкелетін транс майларға рұқсат беру деңгейін он (!) есе арттыруға шақыруы олардың тұтынушылардың денсаулығына деген немқұрайлылығы мен ұсыныстарға деген коммерциялық тұрғыдағы қитұрқы әрекетін білдіреді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024