Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АЭС құрылысына қанша қаражат кетеді

inform.kz

 АЭС құрылысына қанша қаражат кетеді

 Халық тарапынан АЭС құрылысына қатысты оң пікір бар. Бұл туралы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Әзірше, болжаммен екі реакторы бар 1 АЭС-ті бір орынға орналастыруды ғана қарастырып отырмыз. Реактор көп болған сайын құрылыстың жалпы құны да арзанырақ болады. Ал АЭС құрылысында бірінші блок барлық уақытта да екіншісіне қарағанда қымбатқа түседі. Өйткені, екінші блоктың құрылысы кезінде тәжірибе де, жобалық-сметалық құжаттама да, дайын алаң да, қандай да бір инфрақұрылым да болады», - деді Гүлмира Мұрсалова Еуразия ұлттық университетінде АЭС-тің экологияға әсерін талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында. Оның айтуынша, АЭС құны инфрақұрылымын кеңейту, жер сілкінісіне қауіпсіздігін күшейту сынды көптеген факторға байланысты ауытқып тұрады. «Сондықтан нақты сомасын айту мүмкін емес. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде екі энергия блокқа 10-12 млрд доллар етеді. Мұндай тәжірибе бар. «Самұрық-Қазына» қорымен бірге әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Жалпы, халық тарапынан АЭС құрылысына қатысты оң пікір бар», - деді ол.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024