Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытай, Өзбекстан мен Қырғызстан Ресейді айналып өтетін темір жол салуға келісті

azattyq.org

Қытай, Өзбекстан мен Қырғызстан Ресейді айналып өтетін темір жол салуға келісті

Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан Сианьдағы "Орталық Азия – Қытай" саммитінде Ресейді айналып өтетін темір жол құрылысы жобасының келесі қадамдары туралы үшжақты құжатқа қол қойды. Осылайша бұл елдерде халықаралық санкцияға ұшыраған Ресейді айналып өтіп, Еуропаға апаратын қысқа жол пайда болуы мүмкін.Аталған темір жол бойынша алғашқы келісімге 2022 жылы 14 қыркүйекте Самарқанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде қол қойылған. Жаңа құжат жобаны жүзеге асырудың келесі кезеңдерін (жобалау құжаттарын жасау, зерттеу, инвестиция мен қаржыландыру моделін анықтау) анықтайды.Eurasianet.org сайтының жазуынша, темір жол Қырғызстандағы Торугарт асуынан (мұнда Қытайдан келетін темір жол бұрыннан бар) басталып, Арпа мен Макмал сияқты елдімекендер арқылы солтүстікке қарай жалғасып, Жалалабадқа жетеді. Ол жақтан Өзбекстанның темір жол торабына қосылады."Орталық Азия – Қытай" саммиті 18-19 мамырда Қытайдың Сиань қаласында өткен. Қытай басшыларынан бөлек, оған Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстан президенттері қатысқан. 31 жыл ішінде Қытай мен Орталық Азия елдері басшылары алғаш рет осындай форматта жүзбе-жүз кездесу өткізіп отыр. 19 мамырда Қытай коммунистік партиясының жетекшісі Си Цзиньпин мен ОА-ның бес елінің президенттері өзара қолдау көрсету туралы Сиань декларациясын қабылдады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024