Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ерболат Досаев: Алматыда 30 мыңнан астам автокөлік тұрағы салынады

ktk.kz

Ерболат Досаев: Алматыда 30 мыңнан астам автокөлік тұрағы салынады

Жиын барысында «Паркур» компаниясының өкілі қаладағы автотұрақтардың жұмысын жақсарту бойынша әкімдікпен бірлесе жұмыс істеуге ұсыныс жасады.

«Біз әлем бойынша жеке және мунипициалдық тұрақтардың нөмір бірінші операторымыз деп айта аламын. Біз сіздермен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында қарым-қатынас орнатсақ дейміз. Бізде сіздерге ұсынар қызықты жобаларымыз бар. Ол қала үшін жақсы шешім болар еді деп ойлаймын», - деді Азамат есімді компания өкілі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жеке компаниялардың қолдауына қарсы еместігін жеткізді.

«Біз жеке компаниялардың қолдауына қарсы емеспіз, егер ол алматылық компания болса тіпті жақсы. Бізде қазір «Алматы паркинг» кәсіпорны даму сатысынан өтіп жатыр, себебі, бізде жаңа автоұрақтар салынуы тиіс. Өкінішке орай, бұл бағыттағыв жұмыстар оңай емес, себебі, біз бұрын жеке автоұрақтар үшін беріліп кеткен жерлерді қайтару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ бізде электрлі автолкөліктерді пайдалану мен сатып алу саны өскен. Сол себепті бізге электрлік жанармай құю станциясын салу бойынша өте көп ұсыныстар түсіп жатыр. Ал автотұрақтар мен жеке тәжірибесі бойынша жеке компанияларға шешім шығарудың қажеті жоқ, себебі бұл ретте тек мемлекеттік жекеменшік әріптестік, сервистік келісімшарт және тағы басқа құжаттар ғана болады», - деді Ерболат Досаев.

Ол сондай-ақ тұжырымдама бойынша аладғы уаұытта Алматы қаласының көліктік құрылымының бас жоспарын қалыптастыру аясында мәліметтер берілетінін айтты.

«Қаланың тек тарихи орталығында емес, сонымен бірге қаланың барлық ауданын қосқанда 30 мыңнан астам автотұрақ салынады. Тек осыдан кейін біз қай оператор қандай экономикалық талапқа жұмыс істеуге дайын екендігі туралы сөйлесетін боламыз. Егер сізбен кездесіп, сөйлесу керек болса мен нұсқау берейін, мүмкіндік болса наурыз мерекесіне дейін, келесі дүйсенбіде сізбен кездесуге тырысамыз», - деді қала әкімі.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024