Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жер сілкінсе де «қозғалмайтын» зәулім ғимарат

almaty-akshamy.kz

Жер сілкінсе де «қозғалмайтын» зәулім ғимарат

Биіктігі 325,2 метрлік ғимараттың ең басты артықшылығы – зілзалаға төзімді, энергияны аз тұтынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Pelli Clarke & Partners компаниясының сәулетшілері мен білікті мамандары жобасын сызған Mori JP Tower ғимараты жасыл желек жамылған Токионың Azabudai Hills кешенінде тұрғызылған. 64 қабаттан тұратын ғимаратта тұрғын үйлермен қоса, кеңсе, Aman мейманханасы, т.б. орналасқан. 9,0 балдық күші бар жер сілкінісі кезінде де әдеттегідей жұмыс істейді. Ғимараттың құрылымдық болат құбырлары аса мықты бетонмен толтырылды. Осылайша ғимарат зілзала кезінде аз теңселеді. Мұнарада 3600 адамға арналған уақытша баспана, сондай-ақ, апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған қойма бар. Электр энергиясы жаңғыртпалы қуат көздерінен алынады. Мәселен, жылу канализациялық жүйеден келсе, жауын суы автоматты түрде тазартылып, жасыл желекті суғаруға кетеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024