Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда еттің сапасын көрсететін QR код енгізіліп жатыр

ktk.kz

Қазақстанда еттің сапасын көрсететін QR код енгізіліп жатыр

Төрт түлік малды тексеріссіз союға жол бермеу мақсатында алдымен ветеринариялық тексеруді және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы өткізу үшін ведомство «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» модулін әзірледі.

Жүйе сою және ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткеннен кейін сараптама актісін берудің бизнес-процестерін автоматтандырады, сондай-ақ жануардың толық өмірлік циклы туралы ақпараты бар QR кодты жасайды.

Бұл QR ет сататын орындарда тұрады, малды ветеринарлық тексерусіз және ұша мен ағзаларды сараптамасыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда жоба іске қосылып, барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істеп тұр.

Оған 1664 мал сою орны, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары қосылған.

Жүйеде 1470-тен астам ветеринар, Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының қызметкері және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тіркелген.

QR-код арқылы 117 мыңнан астам ветеринариялық анықтама бланкісі және 438 мың сараптама қорытындысы шығарылды.

Жүйе Ресей Федерациясымен шекаралас Шарбақты ветеринарлық бақылау пунктінде сынақтан сәтті өтті.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024