Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2025 жылы 18 мың шақырым жол жөнделеді

ktk.kz

2025 жылы 18 мың шақырым жол жөнделеді

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты, деп жазады kazinform.

«2025 жылға экономиканың нақты секторын қолдауға 2,1 трлн теңге көзделген. Бұл бағытта келесі басымдықтар қарастырылған. Бірінші – 635 млрд теңге көлемінде шығыстарды құрайтын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. Бұл бағыт аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру, «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде ауыл халқының табысын арттыру, Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесі бойынша ірі инвестициялық жобаларға кредит беру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жоспарланып отыр», - деді Мәди Тәкиев.

Оның атап өтуінше, екіншіден, республикалық деңгейде көлік инфрақұрылымын дамытуға 568 млрд теңгеге көзделген. Бұл қаражат есебінен 18 мың шақырымнан астам жол тиісті жұмыстармен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік кепілдікпен берілетін қарыздар есебінен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 10 жобасы реконструкцияланады және 7 292 бірлік мөлшерінде теміржол вагондарының жылжымалы құрамының паркі жаңартылатын болады.

«Үшінші – 204 млрд теңге шығыстарды құрайтын шағын және орта бизнесті қолдау. Бұл қаражат жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша қабылданған міндеттемелерді өтеуге арналған сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға, операторлық қызметтер көрсетуге, сондай-ақ кәсіпкерлік әлеуетті дамытуға бағытталады», - деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2024