Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды

ktk.kz

Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шомылу кезінде 1976 жылғы әйелді судың қатты ағыны ағызып әкеткен. Көмек сұрап, жанұшыра айқайлаған әйелдің айқайын өрт сөндірушілер Жұмағазин Жанғазы мен Оспанов Әділет естіп қалады.

Оқыс оқиға Курчатов қаласында болған. "Курчатов қаласының қалалық жағажайы" аумағында жаяу патрульдеу жүргізу барысында, қос өрт сөндіруші әйелді құтқарып, судан шығарды.

Қазіргі уақытта құтқарылған әйелдің жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2024