Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістанда екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға сотталды

kaz.365info.kz

Түркістанда екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға сотталды

Түркістанда кішкентай екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қызылорда облысының тұрғыны 32 жастағы Бота Хамитқызы кінәсін толық мойындаған. Ал қанды қылмысқа күйеуіне ергескеннен барыпты. Сотталушының адвокаты Айнагүл Рүстемованың айтуынша, әйел қылмысты психикалық ауытқуларға байланысты жасаған. Әйелде галлюцинация болып, басындағы дауыстар балаларды өлтіруге шақырған. Адвокаттың айтуынша, оқиғадан кейін Түркістаннан Шымкентке қашу үшін емес, өз-өзіне қол салу үшін кеткен. «Мен маман емеспін, бірақ біз оның психологиялық ауытқулары бар деп санаймыз. Себебі ол дауыстарды еститінін айтады. Біз мұны алқа билерге де дәлелдеуге тырыстық. Себебі ата-анасының айтуынша 2008 жылы 17 қыркүйекте ол Қызылордада колледжде оқып жүргенінде есінен танып қалып, кейін есін жиғанда сандырақтай бастаған. Жедел жәрдем қызметкерлері онда депрессия белгілері бар екенін айтып, психиатриялық ауруханаға апарғанын айтты. Бірақ бір күннен кейін менің қорғаушымның ата-анасы оны өздері емдеп, алып кететіндігі туралы қолхат жазды. Мұның барлыңын іс материалдарына қостым. Бірақ бұл факт ескерілмеді», – деді Айнагүл Рүстемова. Сұмдық оқиға 7 ақпанда болған. Қызылордадан екі баласымен Түркістан қаласына келген әйел пәтер жалдап, қылмысын сонда жасалған. 2 және 5 жастағы екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтіріп, өзі Шымкентке қашады. Жолда құрбысына қоңырау шалып, қылмыс жасағанын және балаларының денесі қайда жатқанын айтқан. Полицейлер оны бір күннен кейін Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. «Сотқа дейінгі тергеу барысында ол кінәсін мойындаған еді, бірақ сотта ол қылмысты қалай жасағанын есінде жоқ екенін айтты. Сотта ол «психикалық ауруым бар» деген ұстанымды ұстанды. Бұл фактілер сот процесінде тексерілді, бірақ ешқандай растау табылған жоқ. Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ешқандай аурумен ауырмайтындығын анықталды», – деді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мәдалиев. Сот процесі алқа билерінің қатысуымен үш айдай қаралды. Безбүйрек ана енді жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтеуге тиіс. Сотталушы осыған дейін Қызылорда облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші болып жұмыс істеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2024