Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

“Жетісу” футбол клубының спорт директоры сотталды

newsroom.kz

“Жетісу” футбол клубының спорт директоры сотталды

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д.Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы Антикорға сілтеме жасап.

Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

– Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қыркүйек 2024