Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үш жастағы қыз жоғары қабатттан құлап қайтыс болды

kaz.365info.kz

Үш жастағы қыз жоғары қабатттан құлап қайтыс болды

Ата-анасы қалың ұйқыда жатқанда ажал құшқан. Алматыда үш жастағы қыз бала көпқабатты үйдің терезінен құлап кетті. Қайғылы оқиға таңғы уақытта үйдегілер шырт ұйқыда жатқанда болған. Бұл — тұрғын үй кешенінде тіркелген екінші қайғылы жағдай. Полиция бала өлімі бойынша тергеуді бастады. Қайғылы жағдай таңғы сағат алты шамасында «Ақкент» тұрғын үй кешенінде болған. Куәгерлердің айтуынша, үш жастағы бүлдіршін ата-анасы ұйықтап жатқанда көпқабатты үйдің жетінші қабатынан құлап кеткен. Қатты жарақат алған бала жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Жан дауысы шыққан анасының айқайынан тұрғындар да далаға жүігіріп шыққан. Бірі — полицияға, бірі жедел-жәрдемге хабарласып, қолдан келгенше көмек көрсетіпті. «Ұйықтап жатқанмын. Күйеуім қатты дауыстан атып тұрды. Біз №60 үйде тұрамыз. Сол жерге келдім, анасы жылап отыр екен. Баланың бетін жауып қойған. Бәріміз шырт ояндық қой. Жедел жәрдем жеті-ақ минутта келді. Бірақ ажалы енді осыдан болып тұр ғой», – дейді көршісі Жібек Әділхан. Тұрғындар соңғы уақытта мұндай қайғылы оқиғаның жиілеп кеткенін айтады. Өткен айда ғана төрт жастағы тағы бір бүлдіршін үйдің 14-ші қабатынан құлап кетіпті. Сондықтан жұрт үлкендер жағы «қорғаныш темірін орнатуды құнттаса» дейді. Полиция да іске кіріскен. Қайғылы жайттың себеп-салдарын арнайы тергеу тобы анықтап жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қыркүйек 2024