Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда шатырдан құлаған екі қыздың бірі белгілі экологтың қызы болып шықты

newsroom.kz

Алматыда шатырдан құлаған екі қыздың бірі белгілі экологтың қызы болып шықты

Алматыда шатырдан құлаған екі қыздың бірі белгілі экологтың қызы екені анықталды. Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында Алмалы ауданында болды. 7-сыныпта оқитын екі қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап, көз жұмды,- деп хабарлайды newsroom.kz Тұрғынның сөзінше, қыздар дене шынықтыру сабағынан сұранып кеткен. Ал мектеп күзетшісіне дүкенге баратындарын айтқан. Екі қыз да бұл тұрғын үйде тұрмайды екен. Сондай-ақ, үй тұрғындарының сөзінше, сот-медициналық сарапшылар шатырды тексеріп, одан пышақтар мен таблеткалар тапқан. Ал полиция қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Айта кетелік, қыздардың бірі белгілі эколог Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қыркүйек 2024