Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Петропавлда өрт кезінде күйік алған ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

ktk.kz

Петропавлда өрт кезінде күйік алған ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

Естеріңізге салайық, өрт кезінде көпқабатты тұрғын үйден 220 адам эвакуацияланды. Өртенген пәтерден бір адам табылып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

«Ер адам Петропавл қалалық көпбейінді ауруханаға түсті. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Түскен кезде көмірқышқыл газына қатты уланғаны және тыныс алу мүшелері термиялық күйік алғаны анықталды. Барлық тиісті ем-дом жасалды. Қазіргі уақытта сырқат өкпені жасанды желдету аппаратынан ажыратылды. Өздігінен демалып жатыр, бірақ жағдайы әлі де тұрақты түрде ауыр. Оң өзгеріс бар, бірақ әлі де жансақтау бөлімінде жатады. Кейін терапия бөлімшесіне шығарып, амбулаторлық ем алуға үйіне жібереді», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1977 жылы туған ер адам пәтер иесі әйелдің ұлы.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қыркүйек 2024