Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде әткеншектен құлап қалған бала көз жұмды

ktk.kz

Ақтөбеде әткеншектен құлап қалған бала көз жұмды

Ол құлаған кезде ашық бас-ми жарақатын алған. Оқиға кеше кешкілік болған. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 19:02–де шақырту түседі. Ол кезде денесі құрысып жатыр деп хабарланды. І-санаттағы шақыртуға жедел жәрдем бригадасы сағат 19:09–да жеткен.

— Жедел жәрдем бригадасы жеткен кезде бала ес-түсін білмейді. Көршілері жүрегіне массаж жасаған. 103 қызметінің мамандары бірден реанимацияға кірісіп, 30 минут бойы құтқаруға тырысты. Бірақ ол нәтиже бермеді. Сағат 19:41–де ми қызметі тоқтады. Қойылған диагноз: ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің негізгі бөлігінің, мойын омыртқасының жабық сынуы. Сонымен бірге 103 қызметі жеткенше жүрекке массаж жасалғаны белгілі. Сол кезде қабырғасы зақымданып, өкпеге ауа жетпей қалған, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 306 бабы 3 бөлігімен, яғни, «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір сот алды тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қыркүйек 2024