Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Аягөзде офицер үйінен өлі табылды

kaz.365info.kz

Аягөзде офицер үйінен өлі табылды

Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды. Әскери бөлім оның туған-туыстарына жас жігіт асылып қалғанын айтқан. «Ол Қызылордада университетте оқыған. Сол жерде әскери кафедраны бітірген. Запастағы лейтенант болып шыққан. Осы жылдың 7 қыркүйегінде әке-шешесі, әжесі, атасы – барлығы жолға шығарып салған. 9 қыркүйекте жұмысын бастағанын хабарлаған. Аягөзде оны екі жылға қызметке шақырған еді. Бір сағат бұрын суыт хабар келді. Асылып қалған дейді. Командирдің орынбасары солай айтты. Бұл жақта күмән туады. Кеше ғана барған адам қалайша асылып қалады?» – дейді әскери қызметкердің жездесі Дархан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2024