Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралда 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

inform.kz

Оралда 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бес жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 5 шілде күні сағат 16.22-де 9-шағынаудандағы тоғыз қабатты үйде болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылғы ер бала 4-қабаттағы терезеден құлаған. Ауруханаға жатқызылған баланың жағдайы орташа ауыр. Өкінішке қарай, мұндай оқиға Оралда азаймай отыр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі жасар қыз баланың екінші қабаттағы терезеден құлап кеткенін жазған болатынбыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024