Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде 15-30 қыркүйек күндері аралығында көпкүндік «бәйге-марафон» өткізіледі

almaty-akshamy.kz

Елімізде 15-30 қыркүйек күндері аралығында көпкүндік «бәйге-марафон» өткізіледі

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бекболат Байжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Биыл Петропавл қаласында әкімдіктер арасында, мемлекеттік қызметшілер арасында үлкен жарыс өткіздік. Одан кейін Жетісу облысында Ауыл жастары ойындары өтті. Сонымен қатар бүгін Нұр-Сұлтан қаласында министрліктер қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр. Осы жексенбіге дейін жалғасады. Қыркүйекте Шымкент қаласында есту қабілеті төмен жандар арасында республикалық спартакиада ұйымдастырылады. 1 қыркүйекте Түркістан қаласында «Тұран барысын» өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар 15-30 қыркүйек аралығында көпкүндік «бәйге-марафон» өткізу көзделген. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан басталып, Қарағанды, Ұлытау облыстары арқылы өтіп, рухани астанамыз - Түркістанда жалауын тігеді. Бұл марафонның жалпы қашықтығы 1 200 шақырымды құрайды. Әр облыстан 20 командадан қатысады», - деді Б.Байжанов. Оның атап өтуінше, бүгінде елімізде 6,5 млн адам спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл жалпы ел тұрғындарының 34,2 пайызын құрайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024