Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Барыс» - шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогының иегері

inform.kz

«Барыс» - шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогының иегері

Үшінші кездесуде қазақстандық «Барыс» Магнитогорскінің «Металлург» командасымен шеберлік байқасты. Алғашқы екі ойында жеңіске жеткен «Металлург» 4 ұпаймен көш басында тұрған еді. Ал «Барыстың» еншісінде 3 ұпай бар болатын. Кездесу барысында елордалық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті. Десе де, есепті ресейлік хоккейші Филипп Майе 27-минутта ашты. Одан кейін «Барыс» сапынан Дінмұхамед Қайыржан 33, Джереми Бракко 34, Энтони Луис 37-минуттарда үш шайба соқты. Ал 50-минутта «Металлург» хоккейшісі Валерий Орехов мергендік танытып, есеп айырмасын қысқартты. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Екінші орын «Металлург» командасына бұйырса, үздік үштікті «Автомобилист» командасы қорытындылады. Бұған дейінгі екі ойында «Барыс» алдымен «Автомобилистке» 3:4 есебімен ж ол беріп, одан кейін «Нефтехимикті» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Аталған турнир 2010 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Бұған дейін «Барыс» 2010, 2011, 2013, 201, 2019, 2021 жылдарда турнир жеңімпазы атанды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024