Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркияда 4 қазақстандық жоғалып кетті

kz.kursiv.media

Түркияда 4 қазақстандық жоғалып кетті

Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи жер сілкінісі кезінде қанша қазақстандықтың із-түзсіз жоғалғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түркия елшісінің айтуынша, қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың зардап шеккені белгілі. «Қазір із-түзсіз жоғалған төрт қазақстандық туралы ақпарат бар. Олардың үшеуі Хатай қаласында, біреуі Адана қаласында жоғалып кетті», – деді Түркия елшісі Астанада өткен брифингте. Еске салайық, бұған дейін Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы жер сілкінісінен кейін туыстарымен байланысқа шықпай жатқаны хабарланған болатын. Ол жер сілкінісі кезінде Хатай қаласында болған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024