Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Almaty Finance кезекті шағын өнеркәсіп паркінің құрылысын қаржыландырды

almaty-akshamy.kz

Almaty Finance кезекті шағын өнеркәсіп паркінің құрылысын қаржыландырды

Шағын өнеркәсіп паркі – бұл шағын және орта бизнес өндірістерін іске қосуға арналған аумақ, онда кәсіпкерлерге коммуникациялары жүргізілген дайын орын-жайлар беріледі.Жаңа ШӨП "Corporation M&A" ЖШС-мен қаланың өнеркәсіпті дамыту үшін арнайы бөлінген аумағы - Алматының индустриялық аймағында салынатын болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Жобаны іске асыру мерзімі - 2025 жылғы қаңтар. ШӨП екі өндірістік ғимараттан тұрады. Объектілердің жалпы ауданы шамамен 3,2 мың м2 құрайды.

"Осындай маңызды инфрақұрылымдық объектінің құрылысын қолдау ШОБ-ты өндірісті іске қосуға дайын жерде орналастыруға мүмкіндік береді. Алаңдар бизнеске жеңілдетілген шарттармен жалға беріледі – м² үшін 1 350 теңгеге дейін. Сондай-ақ оларды м² үшін 180 000 теңге бағамен кейіннен сатып алуға жол беріледі. Жаңа ШӨП-те шамамен 300 жаңа жұмыс орнын ашатын 5 кәсіпорын жұмыс істей алады деп күтілуде", - деп атап өтті "Almaty Finance" ЖШС Басқарма Төрағасы Айғаным Сүлеева.

"Almaty Finance" ЖШС Алматыдағы ШОБ субъектілеріне жылдық 2%* немесе 6%* мөлшерлеме бойынша жеңілдікті қаржыландыруды ұсынатынын атап өтеміз. Несиелеудің мақсаты - жаңа өндірістер құру және айналым қаражатын толықтыру. Қарыздың ең жоғары сомасы – 500 млн теңге. Мерзімі-7 жылға дейін.Almaty Finance несиелеу бағдарламасы "Almaty Business-2025" аясында жүзеге асырылады.Толығырақ "Almaty Finance" ЖШС туралы +7 (727) 222-01-50 нөмірі бойынша немесе https://almatyfinance.kz/ сайтынан біліңіз.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024