Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Орал қаласының орталық және шеткері аудандарындағы тұрғындар жедел көшуге дайын болу керек екені ескертілді

kz.kursiv.media

Орал қаласының орталық және шеткері аудандарындағы тұрғындар жедел көшуге  дайын болу керек екені ескертілді

Жайық өзеніндегі су деңгейі 771 сантиметрге жетті. БҚО төтенше жағдайлар департаменті мен Орал қаласының әкімдігі орталық тұстағы тұрғындар эвакуацияға қамдануы керек екенін мәлімдеді.

Орал қаласының Коминтерн, Курени, Самал, облыстық экологиялық-биологиялық орталық (Жас натуралистер станциясы), облыстық аурухана (Елизаров көшесі) аудандарындағы тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияға дайындалуы қажет.

«Барлық отбасы мүшелері жеке құжатын, ақшасы мен бағалы затын, қажет дәрі-дәрмек секілді эвакуацияға қажетті заттарды дайындасын.

Жақын жердегі уақытша орналастыру пункттерінің мекенжайын Орал қаласы әкімдігінің, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің, Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының ресми сайттарынан, Яндекс, 2Gis қосымшаларынан нақтылауға болады.

8 (7112) 55-40-88 сенім телефоны және 101, 112 шұғыл нөмірлері үздіксіз қоңырау қабылдайды», – делінген әкімдік үндеуінде.

Қазіргі уақытта Оралға қарасты 1905 саяжай үйін су басты. Қаламен бірге, Жайық өзеніне жақын орналасқан бірнеше ауданда мектептер мен коллеждер онлайн оқу үдерісіне көшті.

Батыс Қазақстан облысына басқа өңірлерден еріктілер, әскерилер, құтқарушылар келуде. Облыс бойынша елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмысына 6,5 мың адам атсалысуда. Алматы мен Шымкент қалалары, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Атырау, Жетісу, Жамбыл облыстарынан 800-ге жуық арнайы техника тасымалданды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024