Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2023 жылы халықаралық жолаушылар ағыны 27 пайызға артқан

kz.kursiv.media

2023 жылы халықаралық жолаушылар ағыны 27 пайызға артқан

2023 жылы әлемдік әуежайлардағы жолаушылар ағыны 27 пайызға өсіп, 8,5 млрд адамды құраған. Халықаралық әуежайлар кеңесі (Airports Council International, ACI) әлемдегі үздік 10 әуежай рейтингін жариялады.

Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейден шамамен 6% төмен. Әлемдегі жолаушылар ағыны ең үлкен әуежай – Атлантадағы Хартсфилд-Джексон әуежайы. Ол бір жылда 104,7 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. 2022 жылы да бұл әуежайдан ең үлкен жолаушылар ағыны өткен.

Дубай халықаралық әуежайы бесінші орыннан екінші орынға көтерілген. Бұл әуежай былтыр 87 млн жуық жолаушыға қызмет көрсеткен.

Ал АҚШ-тың Даллас/Форт-Уэрт әуежайы екінші орыннан үшінші орынға жылжыған. Былтыр бұл әуежайдан 81,8 млм жолаушы діттеген жеріне ұшып кеткен.

Лондонның Хитроу әуежайы төртінші орында тұр. Бір жылда 79,1 млн адамға қызмет көрсеткен әуежай 8-орыннан бірден 4 орынға көтерілген.

Ал бесінші орындағы Токоо әуежайы рекорд орнатты десе болар. Бір жылда бұл аэропорт арқылы өткен жолаушылар ағыны 55 пайыз артып, 78,7 млн адамға қызмет көрсеткен.

ACI тізіміне сонымен қатар, Денвер, Стамбұл, Лос-Анжелес, Чикаго және Нью-Дели қалаларындағы әуежайла енген. Бұл әуежайларда 77-78 млн аралығындағы жолаушыларға қызмет көрсетілген.

2023 жылғы жаһандық ұшақ қозғалысы 95 миллионға жуықтаған. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы нәтижеден 11,8% өсім немесе пандемияға дейінгі деңгейден 92,7% қалпына келген байқатады.

Әуежай рейтингі дүние жүзіндегі 180-ден астам ел мен аумақтағы 2600-ден астам әуежайдан жиналған деректерге негізделген.

Алматы әуежайы 2023 жылы 9,5 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Алматыдан жолаушылар көбіне Мәскеу, Ташкент, Дубай, Анталья, Астана, Шымкент, Атырау және Ақтау бағытында ұшқан. Алматы әуежайының басшылығы биыл бұл көрсеткіщ 10,5 миллионға жетеді деп болжап отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024