Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бірқатар өңірін су басқан Атырау облысынының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы 54,5 млн теңгеге ат жарысын өткізбекші

kz.kursiv.media

Бірқатар өңірін су басқан Атырау облысынының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы 54,5 млн теңгеге ат жарысын өткізбекші

Атырау облысының әкімдігі 54,5 млн теңгеге бәйге өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жайлы мемлекеттік сатыпу алу туралы сайтта жарияланған конкурстық құжатта жарияланған.

Бұл қаражатқа «Ұлы дала тұлпары» атты облыс аралық бәйге ұйымдастыру көзделген. Конкурсты «Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі жариялаған. Ол бойынша өтініш қабылдау 9 сәуірде басталған.

«Ұлттық спорт түрі «Бәйге» түрлерінен жарыстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының бекіткен Ережесіне сай ұйымдастырылып, өтуі қажет»,- делінген сайтта.

Құжаттарда төрт кезеңнен тұратын ат жарысының басқармамен келісе отырып, Атырау облысы аумағында ұймдастырылатыны жазылған. Жоспар бойынша аламан бәйге, топ бәйге, құнан жарыс, тай жарыс өткізілуі керек.

Төрт кезеңде өтетін ат жарыстың дәл қай уақытта өтетіні нақтыланбаған. Бірінші кезеңде маусымдық ашылу болатын болса, қалған үш кезең бәйгесі басқармамен келісе отырып, мерекелік күндерге орай ұйымдастырылуы тиіс. Ал төртінші кезең бәйгесі қала күніне орай өткізілуі керектігі жазылған. Қала күнін Атыраулықтар 7 қазан күні тойлайды. Өткен жылы Атыраудың 383 жылдық мерейтойы тойланды.

Шараға бөлінетін қаражатқа жарыс өтетін орынға сахна құруылып, турникеттер орнатылады, қазақи нақыштағы декорация жасалып, шабандоздарға киім алынады.

«Шабандоздар киімі – 140-дана футболка. Алды-артына нөмірі басылған. Әр түсте – ақ-35, көк-35, қызыл-35, сары-35»,- делінген құжатта.

Сондай-ақ шараны өткізетін 8-төрешінің арнайы киіммен, рациямен, ысқырықпен және жалаумен қамтамасыз етілу керегі жазылған.

Әлеуетті жеңімпаз шараға міндетті түрде мал дәрігерін қатыстыруы керек. Ал келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жергілікті полиция және жедел жәрдем қызметкерлері болуы шарт.

Құжатта жарыстың алдында 15 күн бұрын қала ішіне және Атырау-Индер, Атырау-Махамбет шыға беріс жол бойына 3*6 метрлік 6 дана банер орнату шарттары да қарастырылған.

Бұл шараның мақсаты – «Атырау облысы тұрғындары арасында ат бәйге спортын насихаттау және дамыту, Атырау облысындағы бәйгенің республикалық аренадағы позициясын нығайту және мәртебесін арттыру, республикалық және аумақтық бәйге федерацияларымен спорттық байланыстарды дамыту және нығайту» деп көрсетілген конкурс құжатында.

Еске сала кетсек, су тасқынына байланысты Астана халықаралық форумы өтпейтін болды. Мұндай шешімді Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады», – деп мәлім етті Ақорда баспасөз қызметі.

Айта кетейік Атырауда су тасқыны қаупі әлі де сақталуда. Индер ауданында Жайық өзенінің деңгейі 10 см-ге көтерілгені хабарланды. Қазіргі таңда ауданда судан қорғану мақсатында 25 270 метрлік су бөгеттері салынған. Махамбет ауданында да Жайық өзенінің деңгейі 10 сантиметрге көтерілген.

Осыған орай қала әкімдігі Курени, Коминтерн, Самал шағын аудандарының тұрғындарына және Жас натуралистер станциясының, облыстық аурухана аумағының Елизаров көшесінің тұрғындарына дереу эвакуациялануды ұсынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024