Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда 21 сәуір күні қаланың бірқатар көшелері жабылады

kz.kursiv.media

Алматыда 21 сәуір күні қаланың бірқатар көшелері жабылады

Алматыда 21 сәуірде жартылай марафон өтуіне байланысты қаланың бірқатар көшелері жабылады. Бұл жайлы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Марафонның өткізілуіне байланысты 21 сәуірде сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жарыс өтетін жердегі жолдар ішінара жабылады»,- делінге баспасөз хабарламасында.

Жолды жабу жоспары келесідей:

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 мыңнан астам қатысушы әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейінгі аралықты жүгіріп өтпек.

Биыл жартылай марафон жетінші рет ұйымдастырылайын деп жатыр. Оның аясында зияткерлік дамуы бұзылған спортшылар арасында жүгіру бойынша әлем чемпионаты өтеді, оған 8 елдің спортшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Марафоншыларға 4 қашықтық ұсынылады. Олар – 21,1 км жартылай марафон және 10 км қашықтықтағы марафон, скандинавиялық жүріс және Экиден командалық эстафетасы.

Бірінші ұзақ қашықтықтағы марафонға 18 жастан асқандар ғана қатыса алады. Ал қалған екі қашықтыққа 15 жастан бастап қатысуға рұқсат.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024