Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сот Әблязов компаниясы кепілге қойған жер учаскелерін Жамбыл өңірінің тұрғындарына қайтарып берді

kz.kursiv.media

Сот Әблязов компаниясы кепілге қойған жер учаскелерін Жамбыл өңірінің тұрғындарына қайтарып берді

Жамбыл облысы азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қордай ауданы тұрғындарының жер учаскелерін «БТА банкке» кепілге беруді заңсыз деп тауып, жерді тұрғындарға қайтарып беру туралы шешім шығарды.

2018 жылы 13 маусымда Тараз қалалық соты прокурордың «Ноғайбай-Kazexim» компаниясының электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттамаларын заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы шағымын қанағаттандырудан бас тартқан. 2024 жылы прокурордың апелляциясынан кейін, облыстық сот алқасы істі қайта қараған.

Сот 2006 жылы «БТА Банк» АҚ мен «Қазэксим» ЖШС арасындағы кредиттік шарт негізінде жалпы көлемі (ауданы) 14 мың гектардан асатын 16 жер учаскесі «Қазэксим» ЖШС-нің қарызын қамтамасыз ету үшін банкке кепілге берілгенін анықтаған.

Ал жерді пайдаланып жүрген өңір тұрғындары несие шарты мен жер учаскелерінің кепілге берілгені туралы 2010 жылдың қыркүйек айында білген.

2011 жылы борышты қайтару бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Жамбыл облысының прокуроры «БТА Банк» мүддесі үшін сотқа талап-арызбен жүгінген. Сот шешімімен «Қазэксимнен» банктің пайдасына 3 млрд теңгеден астам қарыз өндірілген.

2016 жылы жоғарғы сот орындаушы кепілге қойылған мүлікті өндіру бойынша жұмыстарды бастаған. 2018 жылы «БТА банкке» қарызды өтеу үшін аукцион өтіп, сауда-саттық нәтижесінде 5 жер учаскесі сатылып кеткен.

2018 жылы прокурор бұл аукционды заңсыз деп тану үшін қалалық сотқа жүгінген. Сот прокурордың өтінішін қанағаттандырмаған. 2024 жылы облыстық сот істі қайта қарап, жер учаскелері «Қазэксимге» заңсыз берілгенін анықтаған. Яғни оларды банкке кепілге қою мүмкіндігі болмаған. Сот шешімімен жер учаскелері Қордай ауданы тұрғындарына қайтарылған.

Жоғарғы сот 2010 және 2017 жылдар аралығында «Қазэксим» басшысы Мұхтар Әблязов пен басқа да ұйымдасқан топ мүшелері сотталғанын еске салды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024