Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түрік инвесторлары Шымкентте аралас циклды газ зауытын салады

kz.kursiv.media

Түрік инвесторлары Шымкентте аралас циклды газ зауытын салады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған «Aksa Energy» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Қондырғы құрылысы биыл басталады.

Мегаполис басшысы жаңа жобаны енгізу қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, қала бюджетіне қосымша кіріс әкелетінін атап өтті.

«Құны 700 миллион АҚШ долларына жуықтайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру қала тұрғындарын сапалы электр және жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталғанын ерекше атап өткен жөн. Құрылыс кезінде 1000-нан астам жұмыс орны ашылады, ал іске қосылғаннан кейін 200-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады»,- делінген Шымкент қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Ғабит Сыздықбеков түрік компаниясына қалаға қызығушылық танытып, энергетикалық кешеннің дамуына тікелей инвестиция салғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ маңызды саладағы бірлескен жобаны тез арада жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Түркияның Alarko Holding компаниясы Шымкент қаласы аумағында құны $650 млн болатын жылыжай кешенін салатынын хабарлаған едік. Тараптар Астанада өткен VI Жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел аясында келісімге қол қойған болатын.

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, түрік бизнес өкілдері қаладағы екі ірі жобаға жалпы сомасы $662 млн көлемінде қаржы жұмсауды жоспарлаған. Оның $650 млн қала аумағында жылыжай кешенін салуға жоспарланған. Аумағы 500 га болатын жобаға Түркияның Alarko Holding компаниясы қызығушылық танытқан. Бұл жоба 5 мың жаңа жұмыс орнын құрады деген жоспар бар.

Ал қалған $12 млн қаражат Шымкентте «крафт-ролл» қағазын шығаратын зауыт салуға кетеді. Жобаның түріктің IŞIKLAR PACKAGING Ltd. Компаниясы өз мойнына алып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 мамыр 2024