Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда Жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті құрылады

kz.kursiv.media

Қазақстанда Жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті құрылады

Қазақстанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жанынан Жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті құрылады. Осыған орай үкімет басшысының қаулысы жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын»,- делінген үкімет қаулысында.

Бұл мекеме:

Сонымен бұл қаулыға сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі таратылады.

Аталмыш құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілмек.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың күзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажеттігін айтқан болатын. Қазіргі кезде 120-дан астам ел бұл мәселені шешу үшін әртүрлі заңнамалық акті қабылдаған. Мемлекет басшысы Қазақстанның да бұл саланы құқықтық тұрғыда реттеуі шетелдік компаниялардың нарыққа келуін ынталандыратынын мәлімдеген.

2023 жылдың маусымында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин жасанды интеллекті дамыту стратегиясы жарияланынын мәлімдеген. Ал осы жылдың басында Мусин Қазақстан өз жасанды интеллектін жасап шығу керек екенін мәлімдеді. Ол E-Gov-тағы деректерді Чат-GPT-ге беруге болмайтынын, сол үшін өз жасанды интеллектіміз керегін айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2024