Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мектептерінде 25 мамырда «Соңғы қоңырау» соғылатын болды

kz.kursiv.media

Қазақстан мектептерінде 25 мамырда «Соңғы қоңырау» соғылатын болды

Қазақстанда мектеп бітіруші түлектер үшін 25 мамырда «Соңғы қоңырау» соғылатын болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

«Еліміздегі 186 мың мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын», – деді министр.

Министрі түлектердің «Соңғы қоңырау» шарасын жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндеріне сенім білдірді.

«Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқарамаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін», – деді министр.

Бұдан бөлек, ол 2023-2024 оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын қатаң ескертіп, оқу бағдарламаларын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам оқушыны келесі сыныпқа көшіруді тапсырды.

«Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс», – деді Бейсембаев.

26 сәуірде Оқу-ағарту министрлігіҚазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау соғылмайтынын хабарлаған. Оның орнына барлық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтетіні белгілі болған.

«Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақтың 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтықтан ұйымдастырылған балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта болады» – деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 мамыр 2024