Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда жыл басынан бері 3 мың адам қызылша жұқтырған

almaty-akshamy.kz

Алматыда жыл басынан бері 3 мың адам қызылша жұқтырған

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың басынан бастап 02 мамырды қоса алғанда қызылшаның 3014 расталған жағдайы тіркелген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Оның ішінде: 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 1828 жағдай (60,7%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 133 (4,4%) және ересектер арасында – 1053 (34,9%). Департамент балалар арасында бұл дерт тарауының басты себебі ретінде вакцинациядан бас тарту екенін хабарлайды.

«Қызылшаны жұқтыруды, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал – вакцинация. Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация 2 рет, біріншісі – 1 жаста (12-15 ай), екіншісі – 6 жаста жүргізіледі, бұл вакцинациядан кейінгі иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді. 2023 жылғы 10 қараша мен 2024 жылғы 02 мамырдың аралығында қалада қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 161 620 адам қамтылды. Екпелерді жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша қаланың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі», – деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Сондай-ақ департамент тарапынан аурудың белгілері пайда болған кезде келесі қағидаларды қатаң түрде ұстану ұсынылады:

- өзін-өзі емдеумен айналыспау, дәрігерді үйге шақырып және дәрігердің нұсқауы бойынша ем алу;- үйде болу, жұмыс және оқу орындарына, сондай-ақ қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар орындарына бармау. Әсіресе, амбулаториялық емделіп жатқан науқастар үйде оқшаулауды қатаң сақтауы керек;- ауырған балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептерге, МДБҰ-ға, т.б жібермеу.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 мамыр 2024