Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе ағылшын футбол клубын сатып алды

kz.kursiv.media

Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе ағылшын футбол клубын сатып алды

Kaspi.kz компаниялар басқарма төрағасы, қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе ағылшын футбол клубын сатып алды.

BBC ақпаратына сүйенсек, Wikomb Wonderers ағылшын футбол клубын Ломтадзеге тиесілі Blue Ocean Partners Ltd компаниясы сатып алған. Осы маусымда ағылшын бірінші лигасында 10-орынға ие болған клубтың 90% можаритарлы акциясы енді Ломтадзе компаниясына тиесілі.

«Біздің мақсатымыз – қаржылық тұрақты клуб құру кезінде алаңда да, одан тыс жерлерде де ұзақ мерзімді табысқа жету. Футбол әлемі өте жылдам дамып келеді және біздің басымдылығымыз клубтың тиімділігін келесі деңгейге көтеру үшін деректер аналитикасы мен технологияларын біріктіру болады», – дейді қазақстандық миллиардер.

Ломтадзенің клубты қанша қаржыға сатып алғаны туралы ақпарат жария етілмейді.

«Мен жастардың дамуына қатты сенемін және бұл клубтың көзқарасы үшін маңызды болады. Біз жоғары деңгейде тұрақты өнер көрсететін клубты дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын кұрып, жетекші академияны қайта ашуға және құруға ұмтыламыз», – дейді ол.

Биыл Михаил Ломтадзе Forbes миллиардерлер тізімінде 581-орынға ие болған. Оның байлығы 5,7 миллиард долларға бағаланған. Ол Қазақстандағы Kaspi.kz компаниялар тобының иесі.

Wikomb Wonderers 1993 жылы ағылшын футбол лигасына ауысып, бұрынғы жаттықтырушы Гарет Эйнсворттың басшылығымен 2020/21 маусымында чемпионат маусымын өткен.

Kaspi.kz АҚ өз акционерлері тізілімінің үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды. Онда Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе финтех холдингіндегі үлесін 21,53%-ға дейін қысқартқаны жазылған.

2024 жылдың 1 қаңтарындағы акционерлердің құрамы туралы мәліметтерге сүйенсек, Михаил Ломтадзенің финтех холдингіндегі үлесі 23,42%-ды құраған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2024