Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында 20 жас полиция қызметкері ант қабылдады

almaty-akshamy.kz

Алматы облысында 20 жас полиция қызметкері ант қабылдады

Ішкі істер органдарының даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл күн қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктерінің шежіресін де, Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын да білдіреді. Бабаларымыздың ерлігі даңқты Жеңістің ұлы мұрасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады», – деді департамент бастығы Бауыржан Әленов.

Сондай-ақ іс-шарада ішкі істер органдарына қызметке жаңадан келген 20 тағылымдамадан өтуші өзінің қызметтік борышына, Қазақстан Республикасы мен оның халқына адал болуға ант берді. Ант қабылдағаннан кейін барлық жас қызметкерлерді тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Сағатбек Нұрахметов алғашқы офицерлік шендерін алуларымен құттықтады.

«Ант өмірді бұрынғы және кейінгі деп екіге бөледі. Осы сәттен бастап әрқайсыңыз бүгінгі айтылған сөздер өмірлік ұстанымға айналуы үшін өмір сүруге міндеттісіздер. Сіздер өз әріптестеріңіздің, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Отан азаттығы үшін жанын қиған жауынгерлер мен қолбасшылар алдында елге, халыққа адал қызмет етуге, Қазақстан заңдары мен халқын қорғауға ант бердіңіздер. Әрқайсыларыңыз ата-бабаларыңызды еске алуға лайық болатындарыңызға сенімдімін», – деді С. Нұрахметов жас қызметкерлерге.

Ішкі істер органдарында ант қабылдау жай ғана дәстүр емес, ол қоғам мен мемлекетке қызмет ету идеологиясының негізі болып табылады. – Жас мамандар ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған полиция қызметкерлерінің ұстанымдарын ерлікпен жалғастырып, сынақтардан абыроймен өтіп, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқаратынына сенімдімін, – деп атап өтті Б. Әленов. Саптық аланда салтанатты шерумен өткен Алматы облысының полицейлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайын екендіктерін көрсетті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2024